date

Ташкентте 20 күнде ауаны ластаған 367 көлік ұсталды

Ташкентте 20 күнде ауаны ластаған 367 көлік ұсталды

Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің хабарлауынша, астанада 20 күн ішінде атмосфераға белгіленген нормадан артық зиянды заттар шығаратын 367 көлік анықталды.

Мәліметтерге қарағанда, үстіміздегі жылдың 10 сентябрінен бүгінге дейін Ташкент қаласында жалпы 26 900 автокөлік арнайы тексеруден өткен.

Тексеру барысында қаладағы 367 көлік құралы нормадан әлдеқайда жоғары деңгейде зиянды қалдықтарды ауаға таратып жатқаны анықталды. Осыған байланысты аталған көліктердің жүргізушілеріне мемлекеттік стандарттарды өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жазалау шаралары қолданылды.

Экология ведомствосының мәліметінше, астанада "Таза ауа" айлығының екінші кезеңі қазір белсенді түрде өтіп жатыр және ол 10 октябрьге дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Науаи облысында қоршаған ортаны ластайтын 20-дан астам өндірістік кәсіпорынның қызметі уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Мамандардың пікірінше, мұндай шаралар тұрғындардың денсаулығын қорғау және қала ауасын таза ұстау үшін қажетті және дер кезінде қолданылған қадам ретінде маңызды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкентте 20 күнде ауаны ластаған 367 көлік ұсталды