date

Ташкентте Ауғанстан парламентінің бұрынғы депутаты ұсталды

Ташкентте Ауғанстан парламентінің бұрынғы депутаты ұсталды

Ташкентте Ауғанстан парламентінің бұрынғы вице-спикері және ірі кәсіпкер Аббас Ибрагимзода ұсталды. Бұл туралы Аму басылымы хабарлады.

Ауғанстанның Балх провинциясынан сайланған экс-депутат, өзі негізін қалаған Ibrohimzada Group компаниялар топтамасының басшысы, бизнестегі қарсыластарының көптеген шағымдары негізінде ұсталған. Ибрагимзада 350 мың доллардан астам кепілдік бергеніне қарамастан, әлі күнге дейін қамауда отыр.

Белгілі болғандай, Аббас Ибрагимзада өз тобында 20-дан астам компанияны басқарған, Балхта жеке телеарнасы болған және білім беру мен қайырымдылық саласында кеңінен жұмыс істеген. Топ құрған қайырымдылық қоры әйелдердің сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Өзбекстан ресмилері бұл ұстауға әзірге реакция білдірмеді.

Сонымен қатар, өткен жылы Өзбекстан мен Ауғанстан кәсіпкерлерге көмектесу үшін біріккен өкілдік құрғаны белгілі. Бұл шара екі елдің көлік, логистика, сауда және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызмет етеді деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкентте Ауғанстан парламентінің бұрынғы депутаты ұсталды