date

Қарттарға пойыз бен ұшақта үлкен жеңілдіктер!

Қарттарға пойыз бен ұшақта үлкен жеңілдіктер!

Елімізде қарт адамдардың демалысы мен саяхаттарын одан әрі ыңғайлы ету мақсатында жаңа жеңілдіктер енгізілді. Көлік министрлігі “Қарттар үшін туризм айы” аясында арнайы жеңілдіктер жариялады.

Мәліметке сәйкес, “Uzbekistan Airways” 60 жастан асқан ерлер мен 55 жастан асқан әйелдерге эконом-класс билеттеріне 15 пайызға дейін жеңілдік ұсынады. Бұл ұсыныс 2025 жылдың 1–30 қараша аралығындағы ішкі рейстерге қолданылады.

Сонымен қатар, “Өзбекстан темір жолдары” осы санаттағы жолаушылар үшін барлық ішкі бағыттардағы пойыздарға (“Афросиёб” жылдам пойыздарынан басқа) жол ақысының тарифтік бөлігіне 20 пайыз жеңілдік енгізді. Жеңілдік жыл сайын 2–8 қазан және 1–30 қараша күндері қолданылады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл бастама қарт буын өкілдерінің ел ішінде жиі саяхаттап, белсенді өмір салтын ұстануын қолдауға бағытталған.

“Енді қарттар үшін саяхаттау тек қуанышты ғана емес, сонымен қатар экономикалық тұрғыдан да тиімді болады,” – делінген министрлік хабарламасында.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Қарттарға пойыз бен ұшақта үлкен жеңілдіктер!