date

Жызақтағы балабақшада 1,5 жастағы қыз қайғылы жағдайда қаза тапты

Жызақтағы балабақшада 1,5 жастағы қыз қайғылы жағдайда қаза тапты

Жызақ облысы Мирзачул ауданындағы жекеменшік балабақшада болған қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Ақпаратқа қарағанда, 1,5 жастағы қыз балабақша ауласындағы бассейнге батып, көз жұмған.

Оқиға 24 октябрьде "Мехрли юлдуз" атты жекеменшік балабақшада болған. Марқұмның анасы Фериде Хамрокулова 2024 жылы 5 майда дүниеге келген қызының өмірін сақтап қалу мүмкін болмағанын айтты.

"Қызым суға батып кетті. Әзірге бірде-бір құқық қорғау органы бізбен байланысқа шыққан жоқ. Жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берілмей, істі жабуға тырысып жатқан сияқты," - деді марқұмның анасы.

Белгілі болғандай, анасы Қазақстан азаматы болып, Жызақ облысына келін болып түскен.

Балабақша тәрбиешісі де оқиға болған күнді қорқынышпен еске алды: "Бұл тамақтану кезінде болды. Қыз менің қасымда болды, балаларға аяқ киім кигізгенше жоқ болып кетті. Бассейнге барып қарасам, суда тұр. Оны алып, кеудесіне басып, көмек көрсеттік. Кейін басшының ұлы екеуміз ауруханаға жеткіздік. Тобымда 26 бала бар, сол күні 23-і келді, жалғыз болдым," - дейді ол.

Қыздың бұл балабақшаға тек 3 октябрьден бастап бара бастағаны хабарланды.

Балалар омбудсманы Сурайё Рахмонованың айтуынша, оқиға бойынша 27 октябрьде қылмыстық іс қозғалған. Тергеу Қылмыстық кодекстің 116-бабы - "Кәсібі бойынша өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау" бабы бойынша жүргізілуде.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайлар білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін тағы бір рет көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Жызақтағы балабақшада 1,5 жастағы қыз қайғылы жағдайда қаза тапты