
Ферғана облысында бір жанұяның төрт мүшесінің қаза болуына себеп болған жол-көлік оқиғасына байланысты сот үдерісі аяқталды. Бұл істе 25 жастағы жүргізуші кінәлі деп танылды.
Қайғылы оқиға Ферғана ауданы “Шохимардонобод” махалласында орын алған. Nexia автокөлігінің жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдықты асырған күйде, жол қозғалысы ережелерін бұзып, қарсы бағытқа шығып, қауіпті озу әрекетін жасаған.
Қарсы бағытта Tico автокөлігімен бетпе-бет соқтығыс болған. Соқтығыс нәтижесінде Tico жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан.
Көлікте болған әйел мен кәмелетке толмаған екі бала ауыр дене жарақаттарын алып, дәрігерлердің барлық талпынысына қарамастан, ауруханада өмірден озған. Апатқа кінәлі тірі қалған.
Сот жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін бұзып, адамдардың өліміне себепкер болғаны үшін кінәлі деп танып, оны сегіз жыл бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оған үш жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылды.
Бұдан бөлек, сот шешіміне сәйкес, жүргізуші қаза болғандардың отбасына 100 миллион сом көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.
Фаргонада жүргізуші 8 жылға қамалды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар