
Бүгін, 7-қараша күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев АҚШ-тың Ақ үйінде өткен «C5+1» саммитіне қатысты. Саммит барысында Мирзиёев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа маңызды үндеу жасады.
"Ресей мен Украина арасындағы соғысты тек сіз тоқтата аласыз", деді Шавкат Мирзиёев Дональд Трампқа. Өзбекстан президенті Трампты "бейбітшілік президенті" деп атап, оның көптеген әскери жанжалдарды тоқтатуға қол жеткізгенін атап өтті.
Айта кету керек, Трамп үшін Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік стратегиялық міндет саналады. Ол бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірнеше мәрте келіссөздер жүргізген.
Алайда тараптар әзірге бейбітшілік шарттары бойынша келісімге келе алмай отыр. Украина Ресейдің шарттарымен соғысты тоқтатуға келісім бермейді, ал Ресей өз мүмкіндіктерін жоғары бағалап, ырық бергенді қаламайды.
Мирзияев Трампқа маңызды үндеу жасады
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар