date

Өзбек медбикелеріне Сауд Арабиясында жұмыс істеу мүмкіндігі жасалды

Өзбек медбикелеріне Сауд Арабиясында жұмыс істеу мүмкіндігі жасалды

Өзбекстан Республикасы Көші-қон агенттігі Сауд Арабиясының ірі медициналық мекемелерінде жұмыс істегісі келетін медбикелер үшін жаңа мүмкіндік жасағанын хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Сауд Арабиясының беделді клиникалары - Saudi German Hospital (SGH), Dr. Soliman Fakeeh Hospital, Dr. Sulaiman Al Habib Medical Group (HMG) және Abeer Medical Group сияқты ауруханаларда бос жұмыс орындары бар. Бұл клиникалар Таяу Шығыс аймағында ғана емес, халықаралық медицина саласында да жоғары беделге ие.

Байқауға қатысуға ниет білдірген үміткерлерге төмендегі талаптар қойылған:

- мейірбике ісі бойынша бакалавр немесе орта-арнайы дипломға ие болу;

- салада кемінде бір жылдық практикалық тәжірибеге ие болу;

- жасы 45-тен аспауы;

- ағылшын тілін қарым-қатынас деңгейінде білу (араб тілін білу артықшылық болып табылады).

Көші-қон агенттігінің хабарлауынша, үміткерлерді іріктеу үстіміздегі жылдың ноябрь айында Ташкент қаласында және республика аумақтарында онлайн және офлайн форматта өтеді. Нақты орын мен дата туралы қосымша ақпарат бөлек жарияланады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Сауд Арабиясындағы жұмыс берушілер тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалады. Атап айтқанда, жұмыс визасы ресімделеді, тұрғылықты жермен қамтамасыз етіледі, әуе билетінің шығындары өтеледі. Сондай-ақ үміткерлер медициналық және әлеуметтік сақтандырумен толық қамтылады.

Қаржылық жағынан да бұл ұсыныс тартымды - медбикелердің айлық жалақысы 1000-1500 АҚШ доллары аралығында белгіленген. Сауд клиникаларындағы жұмыс жағдайлары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, шетелдік мамандар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Көші-қон агенттігі азаматтарға жүгініп, осы мүмкіндікті пайдалануды ұсынды. "Бұл лайықты жұмыс орны ғана емес, медицина саласында халықаралық тәжірибе жинақтау үшін де маңызды мүмкіндік," - делінген агенттік ақпаратында.

Осылайша, Сауд Арабиясында жұмыс істегісі келетін денсаулық сақтау қызметкерлеріне кең жол ашылды. Медицина саласында жұмыс істейтін өзбекстандық медбикелер енді өз біліктілігін халықаралық деңгейде көрсету мүмкіндігіне ие болуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Өзбек медбикелеріне Сауд Арабиясында жұмыс істеу мүмкіндігі жасалды