date

Өзбекстан-Қырғызстан шекарасында есірткімен ұсталды


Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, арнайы операция барысында есірткі контрабандасымен айналысқан күдікті ұсталды. МҚҚ қызметкерлері шекара әскерлері, ішкі істер органдары мен кеден басқармасы өкілдерімен бірлесіп Наманған облысында шұғыл арнайы шара өткізді.

Шара кезінде Үйші ауданындағы «Янгиер» шекара аймағында 1975 жылы туған, Үшқорған ауданында тұратын азамат Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен кезде қолға түсті. Жеке тінту барысында күдіктіден 9,7 килограмм гашиш есірткі заты табылды.

Бұл жағдай бойынша Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Шекараны заңсыз кесіп өту» және «Контрабанда» баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Өзбекстан-Қырғызстан шекарасында есірткімен ұсталды