date

Тәрбие пердесінің артында: директордың қылмысы әшкере болды

Тәрбие пердесінің артында: директордың әрекеті әшкере болды

Тәрбие пердесінің артында: директордың әрекеті әшкере болды

Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданында мектеп басшысына қатысты келеңсіз жағдай әшкере болды. Кәмелетке толмаған оқушы қызға әлеуметтік желі арқылы әдепсіз және адамгершілік нормаларына қайшы хабарламалар жолдаған 39 жастағы директорға қатысты сот шешімі шықты. Бұл туралы Qalampir басылымы сот құжаттарына сілтеме жасап хабарлады.

Сот құжаттарында атап өтілгендей, 1987 жылы туған Ж.И. ағымдағы жылдың 16–17 сәуір күндері аралығында «Telegram» арқылы оқушы қызға жеке хабарламаларда орынсыз мазмұндағы жазбалар жіберген. Аталған дерек әшкере болған соң, іс сотқа жолданды.

22 сәуір күні Қылмыстық істер жөніндегі Жоғары Шыршық аудандық сотында бұл іс қаралды. Сот процесі барысында айыпталушы өз кінәсін мойындады. Алайда ол жіберілген хабарламаларды «тәрбиелік мақсатта» жазғанын алға тартып, соттан жеңілдік беруді сұраған.

Зәбірленуші тарап — оқушы қыздың анасы бұл әрекетті кескіні айыптап, мұндай тұлғаның білім беру мекемесінде жұмыс істеуге мүлдем лайық еместігін білдірді. Ол соттан қатаңырақ жаза тағайындауды талап етті.

Сот шешіміне сәйкес, Ж.И. Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 41-1-бабы (сексуалдық сипаттағы тиісу) бойынша кінәлі деп танылды. Оған қатысты 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы белгіленді.

Бұл оқиға білім беру мекемелеріндегі әдеп нормаларын сақтау, әсіресе педагогтар мен басшы кадрлардың жауапкершілігі мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Мамандар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бақылауды күшейту және білім беру жүйесіндегі рухани ортаны одан әрі сауықтыру қажеттігін айтуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Тәрбие пердесінің артында: директордың қылмысы әшкере болды