date

Түркияның "Ени Малатьяспор" клубы 974 күндік "қара серияны" аяқтады

Түркияның "Ени Малатьяспор" клубы 974 күндік "қара серияны" аяқтады

Футбол әлемінде өте сирек кездесетін жағдай Түркия чемпионатының екінші дивизионында орын алды. Бірнеше жылдан бері жеңілістерден бас көтере алмай келе жатқан "Ени Малатьяспор" клубы ақыры осындай қара серияға нүкте қоя алды.

Команда 60 матчтан тұратын жеңілістер тізбегін тоқтатып, екінші дивизионның кезекті турында Анкара Демирспормен кездесіп, матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл нәтиже "Ени Малатьяспор" үшін соңғы үш жылдағы ең маңызды оқиғалардың бірі ретінде сипатталады.

Осылайша, клуб 974 күннен кейін алғаш рет ұпайға қол жеткізді. Соңғы рет "Ени Малатьяспор" 29 январь 2023 жылы "Эйупспорды" 2:1 есебімен жеңгенде ұпай қосқан болатын. Содан бері бүкіл маусым бойы команда алаңда тек жеңілістермен тіркеліп келді.

Бірақ бүгінгі жағдайда "Ени Малатьяспордың" жағдайы оңай емес. Команда қазір Түркияның екінші дивизионында -35 ұпаймен соңғы орында тұр. Бұған себеп - ФИФА тарапынан қаржылық заңбұзушылық үшін берілген қатаң жаза. Атап айтқанда, маусым басталар алдында командадан 36 ұпай алынып тасталды.

Бір қызығы, бұл клуб 2021/2022 жылғы маусымда Түркия Суперлигасына қатысып, элиталық дивизионда ойнаған еді. Алайда, чемпионат қорытындысы бойынша клуб төменге түсті. Одан кейінгі кезең толығымен жеңілістің сарынымен өтті.

Ал қазіргі таңда "Ени Малатьяспор" үшін әрбір ұпай қымбат. Олар алдағы турларда кем дегенде тағы бірнеше рет жарыста өзін көрсетуге тырысады. Бұл тең ойын клуб тарихындағы ауыр кезеңді сәл де болса жеңілдетіп, жанкүйерлерге аздаған үміт сыйлады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Түркияның "Ени Малатьяспор" клубы 974 күндік "қара серияны" аяқтады