date

Рамазан Теміров тыйым салынған зат үшін бір жылға шеттетілді

Рамазан Теміров тыйым салынған зат үшін бір жылға шеттетілді

Өзбекстандық UFC файтері Рамазан Темировтың тағдыры төңірегіндегі жағымсыз ақпарат ресми түрде расталды. Combat Sports Anti-Doping (CSAD) ұйымының хабарлауынша, Темиров тыйым салынған зат - триметазидинді (ТМЗ) қолданғаны үшін бір жыл мерзімге жекпе-жектерден шеттетілген.

Триметазидин - негізінен жүрек жеткіліксіздігі мен әртүрлі кардиологиялық ауруларда қолданылатын препарат, UFC антидопинг бағдарламасында гормоналды және метаболикалық модуляторлар класына енгізілген. Бұл заттың кез-келген жағдайда қолданылуына жол берілмейді.

CSAD мәліметінше, спортшыдан алынған алғашқы сынама 2025 жылдың 12 июньінде Таиландта жарыстан тыс уақытта тексеріліп, оң нәтиже көрсеткен. Алайда жауынгер бұл туралы білмегендіктен, 4 июльде жүргізілген екінші тексеру де ереже бойынша жалғыз ережебұзушылық ретінде бағаланды.

Темиров сұхбат барысында ТМЗ қолданғанын жасырмады және препаратты дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдағанын атап өтті. Сондықтан оның әрекеттері қасақана заңбұзушылық ретінде емес, медициналық қажеттіліктен туындаған жағдай ретінде тіркелуде.

Дегенмен, UFC қатаң ережелері бойынша мұндай жағдайлар кешірілмейді. Нәтижесінде Темиров жекпе-жектерден бір жылға алшақтайды.

Айта кетейік, 27 жастағы Рамазан Теміров осы уақытқа дейін UFC октагонында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Оның өнер көрсетулері жергілікті және халықаралық ММА жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бір жылдық дисквалификация жас жауынгердің мансабына үлкен кедергі болуы мүмкін.

Сонымен қатар, мамандар оның спортқа қайта оралып, өз жолын жалғастыратынына сенім білдіруде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Рамазан Теміров тыйым салынған зат үшін бір жылға шеттетілді