date

2027 жылғы U-20 Әлем чемпионаты Өзбекстан мен Әзірбайжанда өтеді

2027 жылғы U-20 Әлем чемпионаты Өзбекстан мен Әзірбайжанда өтеді

ФИФА кеңесінің кезекті жиналысында 2027 жылы өтетін 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы әлем чемпионатының қожайындары анықталды. Оған сәйкес, Өзбекстан мен Әзербайжан бірлесіп Жастар арасындағы мундиальдың қожайыны ретінде танылды.

Бұл жарыс ФИФА тарапынан өткізілетін ұлттық құрамалар арасындағы әлем чемпионатынан кейінгі екінші беделді жарыс болып табылады.

Соңғы жылдары Өзбекстан халықаралық футбол саласында үлкен тәжірибеге ие болып, көптеген ірі халықаралық жарыстарға қонақ болды. 2024 жылы елімізде өткен ФИФА Футзал әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны халықаралық футбол қауымдастығы тарапынан ерекше бағаланды.

2027 жылы әлемнің ең талантты жас футболшылары Өзбекстан мен Әзербайжанға жиналады. Еліміз өзінің қонақжайлылығымен және кәсіби көзқарасымен әлем назарын аударуға дайын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » 2027 жылғы U-20 Әлем чемпионаты Өзбекстан мен Әзірбайжанда өтеді