date

Майкл Оуэн: "Манчестер Юнайтед" футболшылар зиратына айналды

Майкл Оуэн: "Манчестер Юнайтед" футболшылар зиратына айналды

Ағылшын футболының аңызы, «Алтын доп» иегері Майкл Оуэн «Манчестер Юнайтед» клубының қазіргі жағдайына қатысты қатал пікір білдірді. Оның айтуынша, клуб Фергюсон дәуірінен кейін өз жолын жоғалтқан.

«Алекс Фергюсон кеткеннен кейін команда түрлі бапкерлерді сынап көрді, — деді Оуэн. — Бірақ олардың ешқайсысы үлкен жетістікке жете алмады. Кейін кінәні ойыншыларға артты. Әлемнің ең атақты футболшыларын әкелу үшін миллиардтаған фунт жұмсады. Бірақ нәтижесінде “Манчестер Юнайтед” футболшылардың зиратына айналды. Көптеген жұлдыздар бұл клубта жарқырай алмай, жоғалып кетті», — деді бұрынғы шабуылшы.

Оуэннің бұл сөздері жанкүйерлер арасында үлкен талқылау туғызды. Қазіргі уақытта “Юнайтед” Премьер-лигада 10 ұпаймен турнир кестесінің ортасында тұр.

Рубен Аморим жаттықтырған команда әлі де тоқтаусыз сынға ұшырап жатыр. Көптеген сарапшылардың пікірінше, “қызыл шайтандар” соңғы жылдары дәстүрлі күшін жоғалтқан және Фергюсоннан кейінгі бос орынды әлі толтыра алмаған.

Еске сала кетсек, “Манчестер Юнайтед” Премьер-лига чемпионы атағын соңғы рет 2013 жылы, Фергюсонның соңғы маусымында жеңіп алған.

Клуб соңғы жылдары әлемнің ең қымбат ойыншыларын жинағанымен, нәтижелер әлі де жанкүйерлерді қанағаттандырмай отыр.

Майкл Оуэннің айтуынша, “Юнайтедтің” шынайы мәселесі — тактика емес, бағыт пен рухтың жоғалуы.

«Бұл клубта тек ақша емес, дәстүр де жұмыс істеуі керек. Бір кездері “қызыл шайтандар” деген сөздің өзі қарсыластарды қорқытатын. Енді олар өзіне деген сенімін жоғалтты», — деді бұрынғы жұлдыз.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Майкл Оуэн: "Манчестер Юнайтед" футболшылар зиратына айналды