date

ӘЧ-2026 іріктеу. Испания, Италия және Португалиядағы жеңістер және басқа да нәтижелер

ӘЧ-2026 іріктеу. Испания, Италия және Португалиядағы жеңістер және басқа да нәтижелер

Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңі аясында Еуропаның бірқатар құрамалары алаңға шығып, жанкүйерлерге голдарға бай күн сыйлады.

Португалия құрамасы Ирландияға қарсы кездесуде қиын жеңіске жетті. Кездесудің соңғы минуттарында Рубен Невеш дәл соққы жасап, командасына маңызды 3 ұпайды қамтамасыз етті - 1:0. Бір қызығы, бұл кездесуде Криштиану Роналду пенальтиді пайдалана алмады.

Португалия - Ирландия 1:0

Гол: Невеш (90+1).

Португалия - Кошта, Далот (Тринкау, 62), Диаш, Инасио (Вейга, 46), Мендеш, Невеш, Витинья (Семеду, 61), Нето (Лоа, 61), Фернандеш (Рамуш, 86), Силва, Роналду.

Ирландия - Келлехер, О'Брейн, Коллинз, О'Шеа, Коулман (Эган, 86), Куллен, Молумби, Маннинг, Эбоселе (Джонстон, 74), Огбене (Смолбон, 77), Фергюсон (Паррот, 78).

Сонымен қатар Италия қонақта Эстонияны 3:1 есебімен жеңді. Мойзе Кин, Ретеги және Эспозито соққан голдар "адзуррилерді" кезекті жеңіске жеткізді.

Эстония - Италия 1:3

Голдар: Саппинен (76) - Кин (4), Ретеги (38), Эспозито (74).

Эстония - Хейн, Пиетсон, Пакоци, Куск (Мес, 62), Салице (Синявский, 46), Палумайетс (Ларсен, 46), Соометс, Кайт, Шейн, Саарма, Тамм (Саппинен, 62).

Италия - Доннарумма, Ди Лоренцо, Бастони, Калафиори, Орсолини (Комбиасо, 62), Барелла (Фраттези, 77), Тонали, Димарко, Кин (Эспозито, 15), Распадори (Спинатццола, 62), Ретеги (Кристанте, 77).

Күннің ең ірі нәтижесі Түркияға тиесілі болды - Стефан Кунц шәкірттері Болгария қақпасына жауапсыз 6 доп жіберді (1:6). Голдардың авторлары Гулер, Йылдыз (дубль), Челик және Кавечи болды, ал бір допты болгар қорғаушысы Попов автогол ретінде тіркеді.

Болгария - Түркия 1:6

Голдар: Кирилов (13) - Гулер (11), Попов (авт. 49), Йылдыз (51, 56), Челик (65), Кавечи (90+3)

Болгария - Митов, Попов (Турицов, 63), Христов, Божинов, Петров, Петков (Димитров, 64), Стаянов, Краев, Кирилов (Петков, 73), Чочаев (Красев, 72), Десподов (Минчев, 64).

Түркия - Чакир, Челик, Демирал, Бардакчи, Кадиоғлу, Чалханоглу (Озжан, 63), Кокчу, Айдын, Гулер (Узун, 69), Йылдыз (Кавечи, 63), Актороғлы.

Испания да өз кезегінде сенімді ойын көрсетті - Грузияны 2:0 есебімен жеңді. Пино мен Оярсабалдың соққан голдары "қызыл фурияны" "Е" тобында бірінші орынға шығарды.

Испания - Грузия 2:0

Голдар: Пино (24), Оярзабал (64)

Испания - Симон, Порро (Льоренте, 75), Норман, Кубарси, Кукурелья, Мерино, Субименди (Гарсия, 81), Педри (Барриос, 74), Торрес, Оярсабал (Иглесиас, 65), Пино (Баена, 64).

Грекия - Мамардашвили, Какабадзе (Азарови, 80), Гогличидзе, Кашиа, Двали, Гочолейшвили, Китеишвили (Гогнидзе, 69), Кочорашвили, Меквабишвили (Мамукашвили, 86), Микаутадзе (Квернадзе, 69, Кварацхелия (Давиташвили, 69)

Қазіргі жағдай бойынша:

- "F" тобында Португалия 9 ұпаймен көшбасшы, Ирландия 1 ұпаймен 4-орында;

- "I" тобында Италия 12 ұпаймен екінші, Эстония 3 ұпаймен төртінші орында;

- "Е" тобында Испания 9 ұпаймен көш бастап тұр, Түркия 6 ұпаймен екінші, Грузия 3 ұпаймен үшінші, Болгария ұпайсыз қалды.

Еуропа іріктеуінің бұл туры нәтижелермен ғана емес, Роналдудың әдеттен тыс қателігімен және Түркияның орнында "жарылған" голдың отшашуымен де есте қалды. Жанкүйерлер келесі матчтарда осындай салтанатты ойындарды күтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » ӘЧ-2026 іріктеу. Испания, Италия және Португалиядағы жеңістер және басқа да нәтижелер