Италия министрлері Әлем чемпионаты идеясын кескін түрде айыптады

Соңғы күндері халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланған тақырып — Италия ұлттық құрамасының алдағы әлем чемпионатында Иранның орнына қатысуы туралы ұсыныс болды. Алайда, бұл идеяны Италия билігі түбегейлі жоққа шығарып, мәселеге қатысты ресми ұстанымын білдірді.
Атап айтқанда, Италияның спорт министрі Андреа Абоди мұндай бастаманы қабылдау мүмкін еместігін қадап айтты. Оның пікірінше, футболға қатысу құқығы қандай да бір келіссөздер немесе саяси шешімдер арқылы емес, тек алаңдағы нәтижелер бойынша шешілуі тиіс. Министр спорттың әділдік пен бәсекелестік принциптеріне негізделуі қажеттігін атап өтті.
«Бұл кез келген жағдайда, соның ішінде Италия үшін де лайықты емес! Қатысу құқығы келіссөздер үстелінде емес, футбол алаңынды жеңіп алынады», - деді Италияның спорт министрі.
Сонымен қатар, Италияның экономика министрі Джанкарло Джорджетти де бұл ұсынысқа қатысты қатаң пікір білдірді. Ол мұндай жолмен әлем чемпионатына шығу елдің намысы мен беделіне мүлдем сәйкес келмейтінін айтты. Оның сөзінше, Италия сияқты футбол тарихы бай мемлекет үшін турнирге «оңай жолмен» жолдама алу — мүлдем қабылданбайтын жағдай.
«Бұл ұсыныс — ұятты жағдай! Италияға мұндай көмек қажет емес және Әлем чемпионатына осындай жолмен шығу елдің беделіне нұқсан келтіреді», - деді Италияның экономика министрі.
Айта кетейік, кезекті әлем чемпионаты 2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика алаңдарында өтеді. Бұл жарыс алғаш рет үш мемлекеттің бірлесе ұйымдастыруымен өтетіндігімен де ерекшеленеді.
Қорыта айтқанда, Италия билігі нақты позициясын білдірді: футбол — бұл тек спорт, ал ондағы орындар келіссөзбен емес, алаңдағы еңбек пен нәтижемен иеленуі тиіс.