date

Зидан: Мен ораламын

Зидан: “Мен қайтамын”

Танымал француз маманы және бұрынғы футболшы Зинедин Зидан қайтадан бапкерлік қызметіне оралуды көздеп отырғанын мәлімдеді, деп жазады championat.asia сайты.

“Әрине, мен бапкерлік қызметіме қайта ораламын.

‘Ювентус’ клубында жұмыс істеу? Бұл неге жүзеге аспағанын білмеймін. Бұл клуб әрдайым жүрегімде — ол маған көп нәрсе берді.

Болашақта не боларын білмеймін, бірақ басты мақсаттарымның бірі — Франция құрама командасын басқару. Қалғанын уақыт көрсетеді”, — деді Зидан.

Еске сала кетейік, Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Франция құрама командасының бас бапкерлігін тапсырады. Сондықтан Зиданның ұлттық команданы басқару ықтималдығы одан сайын артып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Зидан: Мен ораламын