date

Салах “Галатасарайға” өтуге жақын — Түркияда шу тудырған трансфер күтілуде

Салах “Галатасарайға” өтуге жақын — Түркияда шу тудырған трансфер күтілуде

Түркия футбол әлемінде жаңа сенсация талқылануда. Елдің жетекші клубтарының бірі — “Галатасарай” қысқы трансфер кезеңінде “Ливерпульдің” жұлдыз ойыншысы Мұхаммед Салахты өз қатарына қосып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы түрік БАҚ хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, мысырлық шабуылшының өзі де бұл ұсынысты оң қабылдаған. Салах Түркиядағы жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен атмосферасына қатты қызығып, “Галатасарай” стадионындағы жағдайды “энергия мен құштарлыққа толы” деп сипаттаған.

Трансфер қыста жүзеге асуы мүмкін. Бірақ егер тараптар келісімге келе алмаса, келіссөздер жазда жалғасуы ықтимал.

“Ливерпуль” әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Бірақ бас бапкер Арне Слот Салахтың командадағы рөлін бірнеше рет ерекше атап өткен. Сондықтан ағылшын клубы оны босатуға келіскен жағдайда, бұл әлем футболындағы ең даулы қысқы трансферлердің бірі болмақ.

Мұхаммед Салахтың “Ливерпульмен” келісімшарты 2027 жылдың жазы дейін жарамды. Transfermarkt деректері бойынша оның нарықтық құны 50 миллион еуроға бағаланған.

Түркия жанкүйерлері бұл жаңалықты үлкен қызығушылықпен қарсы алды. Көпшіліктің пікірінше, егер Салах “Галатасарайға” өтсе, бұл тек клуб үшін ғана емес, бүкіл түрік футболы үшін жаңа дәуірдің бастауы болмақ.

Бұл ықтимал келісім қысқы трансфер кезеңінің ең қызықты тақырыптарының біріне айналатыны сөзсіз.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Салах “Галатасарайға” өтуге жақын — Түркияда шу тудырған трансфер күтілуде