date

Пол Скоулз әлемдегі ең мықты 5 жартылай қорғаушыны атады

Пол Скоулз әлемдегі ең мықты 5 жартылай қорғаушыны атады

"Манчестер Юнайтедтің" аты аңызға айналған бұрынғы футболшысы Пол Скоулз қазіргі уақытта әлем футболында ең жоғары деңгейде ойнайтын бес жартылай қорғаушыны атады.

Оның айтуынша, бүгінде ең шебер жартылай қорғаушы - "Барселонаның" жас жұлдызы Педри. Оның артынан "Манчестер Ситидің" негізгі тірегі Родри орын алды. Күшті үштікті "ПСЖ" командасындағы португалиялық шебер Витинья түйіндеді.

Скоулздың таңдауындағы соңғы екі үміткер - "Ливерпульдің" аргентиналық футболшысы Алексис Мак Аллистер және "Барселона" жартылай қорғаушысы Фрэнки де Йонг болды.

Естеріңізге сала кетейік, Пол Скоулз 2013 жылы кәсіби футболшылық мансабын аяқтап, өз заманының ең тапқыр жартылай қорғаушыларының бірі ретінде танылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Пол Скоулз әлемдегі ең мықты 5 жартылай қорғаушыны атады