date

Роналду тарих жазады: Әлем чемпионатының іріктеуінде жаңа рекорд

Роналду тарих жазады: Әлем чемпионатының іріктеуінде жаңа рекорд

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы да футбол тарихында өз атын қалдырды. 40 жастағы аңыз ойыншы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Венгрияға қарсы матчта екі гол соғып, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Ойынның 22-минутында Роналду есепті теңестірді, ал бірінші таймның қосымша минуттарында командасын алға шығарды. Осылайша ол іріктеу ойындарындағы 40 және 41-голдарын соқты.

Бұл нәтижемен Криштиану 2016 жылдан бері рекорд иесі болып келген Гватемала ойыншысы Карлос Руисті (39 гол) артта қалдырды. Енді Роналду — Әлем чемпионатының іріктеу тарихында ең көп гол соққан футболшы.

Қызығы, оның мәңгілік қарсыласы Лионель Мессидің бұл көрсеткіші 36 голмен шектеледі.

Сарапшылардың пікірінше, Роналдудың бұл жетістігі оның ұзақ жылдар бойы тұрақты ойынын ғана емес, 40 жасында да жоғары спорттық бабында екенін дәлелдейді. Ол әлі де мансабын жалғастырып жатқандықтан, бұл рекордтың одан әрі нығая түсуі әбден мүмкін.

Осылайша, Роналду тек Португалия емес, әлем футболының да ең нәтижелі және тұрақты шабуылшыларының бірі екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Роналду тарих жазады: Әлем чемпионатының іріктеуінде жаңа рекорд