date

Сауд Арабиясы мундиалға жолдама алды: әр ойыншыға 1,2 миллион еуро сыйақы беріледі

Сауд Арабиясы мундиалға жолдама алды: әр ойыншыға 1,2 миллион еуро сыйақы беріледі

Өткен түнде өткен 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтардан кейін Сауд Арабиясы құрамасы турнирге қатысу құқығын ресми түрде қамтамасыз етті. Жиддада Иракқа қарсы өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды, алайда бұл нәтиже Сауд Арабиясына іріктеуден өту үшін жеткілікті болды.

Осы маңызды жетістік үшін Сауд Арабиясы футбол федерациясы құраманың әрбір ойыншысын жомарт түрде марапаттау туралы шешім қабылдады. Әр футболшыға 1,2 миллион еуро көлемінде сыйақы беріледі. Бұл сома Азия футбол тарихындағы ең ірі марапаттардың бірі болып саналады.

Соңғы жылдары Сауд Арабиясы Азия футболының жетекші күштерінің біріне айналды. Олардың Әлем чемпионатына жолдама алуы – құраманың тұрақты ойыны мен тиімді жүйесінің нәтижесі ретінде бағалануда.

Осылайша Сауд Арабиясы 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алған сегіз азиялық құраманың бірі атанды.

Сауд Арабиясымен қатар, Өзбекстан, Жапония, Корея Республикасы, Аустралия, Иордания, Иран және Катар да мундиалға қатысу құқығын жеңіп алды. Ал Біріккен Араб Әмірліктері мен Ирак құрамалары плей-офф кезеңінде өз мүмкіндіктерін сынап, келесі жылғы Әлем чемпионатына шығуға талпынады.

Бұл жетістік елдің спорт саласына бөлген үлкен қаржысы мен ерекше назар аударуының нақты нәтижесі ретінде қарастырылуда. Сауд Арабиясы құрамасы енді мундиалға дайындықты бастап, келесі жылы жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Сауд Арабиясы мундиалға жолдама алды: әр ойыншыға 1,2 миллион еуро сыйақы беріледі