Хави: Келесі әлем чемпионы Испания болады

«Барселонаның» бұрынғы футболшысы Хави Эрнандес 2026 жылы өтетін әлем чемпионатында қай құраманың жеңімпаз атануы мүмкін екені туралы пікір білдірді, деп хабарлады Euro-football.ru.
Sky Sports журналисінің айтуынша, Хави осы турнирде Испания құрамасы чемпион болатына сенімді. Келесі әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Қазіргі уақытта әлем чемпионы – Аргентина құрамасы болып саналады. Олар финалда Францияны жеңген болатын. Хавидің пікірінше, Испания келесі чемпиондық үшін негізгі үміткер болып есептеледі.




















Пікірлер 0
…