date

Golden Boy 2025 жүлдесіне үміткер 25 футболшы жарияланды

Golden Boy 2025 жүлдесіне үміткер 25 футболшы жарияланды

Еуропадағы ең беделді жастар марапаттарының бірі — Golden Boy жүлдесіне үміткерлер тізімі жарияланды. Итальяндық Tuttosport басылымының мәліметінше, соңғы кезеңде 21 жасқа дейінгі 25 ойыншы қалды. Жеңімпаз қараша айында Еуропаның 50 жетекші журналисінің дауыс беруі арқылы анықталады.

Golden Boy жүлдесі жылдың ең үздік жас футболшысына беріледі, әрі әр ойыншы оны өмірінде тек бір рет ұта алады. Биылғы тізімде Еуропаның ең мықты клубтарының талантты және болашағы зор жұлдыздары қамтылған.

“Реал Мадрид” пен “ПСЖ” клубтары бірнеше ойыншыларымен көш бастап тұр. Толық тізім төмендегідей:

– Пау Кубарси (“Барселона”)
– Дезире Дуэ (“ПСЖ”)
– Дин Хейсен (“Реал”)
– Кенан Йылдыз (“Ювентус”)
– Майлз Льюис-Скелли (“Арсенал”)
– Уоррен Заир-Эмери (“ПСЖ”)
– Арда Гүлер (“Реал”)
– Франко Мастантуоно (“Реал”)
– Итхан Нванери (“Арсенал”)
– Йоррел Хато (“Челси”)
– Джовани Кенда (“Спортинг”)
– Эстеван (“Челси”)
– Лени Йоро (“Манчестер Юнайтед”)
– Санни Меюлю (“ПСЖ”)
– Нико О’Райли (“Манчестер Сити”)
– Элис Бен-Сегир (“Байер”)
– Виктор Фрохольдт (“Порту”)
– Лукас Бергвалл (“Тоттенхэм”)
– Арчи Грей (“Тоттенхэм”)
– Мамаду Сарр (“Страсбург”)
– Джоб Беллингем (“Боруссия” Дортмунд)
– Франческо Пио Эспозито (“Интер”)
– Родриго Мора (“Порту”)
– Джованни Леони (“Ливерпуль”)
– Александр Станкович (“Брюгге”).

2024 жылы бұл жүлдені “Барселонаның” жас шабуылшысы Ламин Ямаль жеңіп алған болатын. Әр футболшы бұл марапатты тек бір рет қана ала алады, сондықтан Golden Boy атағы жыл сайын жаңа иесіне өтеді.

Биыл “Реал”, “ПСЖ” және “Арсенал” ойыншылары басты фавориттер саналады. Жеңімпаз қараша айында белгілі болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Golden Boy 2025 жүлдесіне үміткер 25 футболшы жарияланды