date

"Ислам ұтылса, қой бағуға қайта оралады" - Топуриядан өте қатаң мәлімдеме!

"Ислам ұтылса, қой бағуға қайта оралады" - Топуриядан өте қатаң мәлімдеме!

UFC файтері Илия Топурия осы аптада Тбилисиде ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Ислам Махачев туралы күтпеген мәлімдеме жасады. Испания-Грузия чемпионы қарсыласына қатаң ескерту жасап, алдағы жекпе-жектің тағдыры туралы ашық айтты.

"Ислам Махачев Джек Делла Маддаленаға қарсы өтетін чемпиондық жекпе-жекте жеңіліп қалса, Дағыстанға қайтып, фермада қой бағуды жалғастыруы мүмкін. Бірақ егер ол жеңсе, мен өз салмағымды көтеруге шешім қабылдаймын - бұл анық!" - деді Топурия журналистің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ ол өз сөзінде Махачев жеңіске жетсе, 2025 жылдың июнь айында Ақ үйде ұйымдастырылатын Америка Тәуелсіздік күніне арналған турнирде оған қарсы шаршы алаңға шығу ниетін білдірді.

Ақпарат үшін, Илия Топурия қазір жеңіл салмақ чемпиондық белбеуіне ие, ол келесі жылдың январь айында Лос-Анджелесте өтетін UFC 324 турнирінде октагонға оралады деп күтілуде.

Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жек 15 ноябрь күні Нью-Йорк қаласындағы UFC-дің нөмірленген кешінде өтеді. Бұл қақтығыс екі жауынгер үшін де үлкен сынақ болатыны сөзсіз.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Ислам ұтылса, қой бағуға қайта оралады" - Топуриядан өте қатаң мәлімдеме!