date

Өзбекстан каратэшілері әлем чемпионатына 8 жолдама жеңіп алды

Өзбекстан каратэшілері әлем чемпионатына 8 жолдама жеңіп алды

Өзбекстанның карате құрамасы осы жылдың қараша айында Каир қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Бұл турнир карате әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі болып табылады және әр екі жыл сайын өткізіледі. Биыл ел намысын 8 спортшы қорғайды.

Хабарламада айтылғандай, олардың жетеуі әлемдік рейтинг бойынша тікелей жолдама алған, ал Севинч Рахимова 105 елден келген каратишілер арасынан іріктеліп, чемпионатқа қатысу құқығына ие болған.

Өзбекстан командасы 12 салмақ дәрежесінің 8-інде лицензия жеңіп алды. Осы нәтижемен ұлттық құрама әлем бойынша ондыққа, ал Азияда бестіктің қатарына кірді. Орталық Азияда болса Өзбекстан айқын көшбасшы деп танылды.

Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі:

  1. Гүлшан Алимардонова – (-50 кг)

  2. Севинч Рахимова – (-55 кг)

  3. Севинч Отабоева – (-61 кг)

  4. Мохлароим Хакимжонова – (+68 кг)

  5. Мехриддин Турахонов – (-60 кг)

  6. Абдулхвахоб Рашидов – (-67 кг)

  7. Кувончбек Мұхаммадиев – (-75 кг)

  8. Шухратжон Намозов – (-84 кг)

Бапкерлер штабының айтуынша, спортшылар Қаршы мен Ташкенттегі дайындық жиындарын аяқтап, Каирдегі жарыс алдында спорттық форманы сақтап қалу үстінде.

Өзбекстанның карате құрамасының басты мақсаты — тек медаль үшін күресу ғана емес, сонымен қатар Олимпиадалық рейтингтегі орнын жақсарту.

Соңғы жылдары Өзбекстанның ұлттық карате құрамасы әлемдік спорт аренасында беделді командалардың біріне айналды, ал Каирдегі жарыс бұл мәртебені одан әрі нығайтады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Өзбекстан каратэшілері әлем чемпионатына 8 жолдама жеңіп алды