date

Петер Бос Ноа Лангтың “Наполидағы” ойын тәжірбиесін талқылады

Петер Бос Ноа Лангтың «Наполи»дегі ойынын талдады
ПСВ-ның бас бапкері Петер Бос бұрынғы ойыншысы Ноа Ланг туралы пікір білдірді. Ланг жазда ПСВ-дан Италияның «Наполи» клубына ауысты.

Бұл туралы Euro-football.ru хабарлады. Бос баспасөз мәслихатында Лангтың жеке тұлғасы туралы айтты.

Оның айтуынша, сыртқы келбеті мен татуировкаларына қарай Ланг көпшілікке реп орындаушысын еске салады. Дегенмен, бапкер оны ашық әрі мейірімді адам ретінде сипаттап, командада көшбасшы болғанын айтты.

Бос Лангтың «Наполи» сапында алаңға аз шығатыны жөнінде де сөз қозғады. Ол Антонио Контеға кеңес бермейтінін атап өтіп, Конте мықты бапкер екенін еске салды.

Сондай-ақ, Ланг шабуылда көбірек пайда әкелуі үшін оны өзінің негізгі позициясында ойнау керектігін айтты. Бос, сонымен қатар, Ланг қорғанысқа да үлес қосуы қажет екенін қосты.

ПСВ мен «Наполи» 21-қазан күні Чемпиондар лигасы ойынында алаңға шығады. Қазіргі уақытта «Наполи» 3 ұпаймен 19-орында, ПСВ болса 1 ұпаймен одан 8 саты төмен орналасқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Петер Бос Ноа Лангтың “Наполидағы” ойын тәжірбиесін талқылады