date

Ла Лига “Вильярреал” мен “Барселона” ойынын АҚШ-та өткізуден бас тартты

Ла Лига “Вильярреал” мен “Барселона” ойынын АҚШ-та тоқтатты
Испания чемпионаты аясындағы “Вильярреал” мен “Барселона” арасындағы кездесу АҚШ-та өтпейтін болды. Ла Лига ұйымдастырушылары Майамидегі ойынды тоқтатылғанын жариялады.

Euro-football.ru жазуынша, бұл шешім Испанияда соңғы апталарда туындаған белгісіздіктерге байланысты қабылданды. Ла Лига мәлімдемесінде бұл ойын АҚШ-та өтуі – тарихи әрі сирек мүмкіндік болатыны айтылған.

Ұйымдастырушылар кездесу басқа мемлекетте өтсе, жарыстың тұтастығына залал келмейтінін атап өтті. Сонымен бірге, Ла Лига алдағы уақытта да испан футболын әлемнің түрлі өңірлеріне жеткізуге ұмтылатынын білдірді.

Бұған дейін Испания чемпионатында кейбір кездесулер басталар алдында футболшылар әдейі тоқтап, наразылық білдірген еді. Бұл жағдай жарыста мәселелер туындап жатқанын көрсетеді.

Ла Лига болса халықаралық деңгейде испан футболының танымал болуын мақсат етіп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ла Лига “Вильярреал” мен “Барселона” ойынын АҚШ-та өткізуден бас тартты