date

ӘЧ-2026: Азиядағы соңғы жолдаманың тағдыры қарашада шешіледі

ӘЧ-2026: Азиядағы соңғы жолдаманың тағдыры қарашада шешіледі

Азияда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің шешуші кезеңі жақындап келеді. Қараша айындағы ФИФА күндері ӘЧ-2026-ның бесінші іріктеу раунды ойындары өтеді. Бұл кезеңде төртінші кезеңде екінші орын алған БАӘ мен Ирак құрамалары өзара күш сынасады, деп хабарлады АФК ресми сайты.

Жарияланған кестеге сәйкес, алғашқы кездесу 13 ноябрь күні Абу-Дабиде өтеді. Ал қарымта ойын 18 ноябрь күні Басрада өтеді. Осы екі ойынның нәтижесі бойынша қай команда Конфедерациялар аралық плей-офф кезеңіне жолдама алатыны белгілі болады.

13 қараша, Абу-Даби

БАӘ - Ирак

18 қараша, Басра

Ирак - БАӘ

Жеңімпаз команда 2026 жылдың март айында Мексикада өтетін Конфедерациялар аралық плей-офф ойындарына қатысу құқығына ие болады. Бұл кезеңге Азия, Африка, Оңтүстік Америка, Океания және екі Солтүстік Америка өкілдері қатысады.

Мексикадағы іріктеу кезеңінде әлем чемпионатына соңғы екі жолдаманың тағдыры шешіледі. Әр аймақтан келген командалар жекелей сынға түседі және тек екеуі ғана 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

БАӘ мен Ирак үшін бұл жекпе-жек жай ғана достық емес, бүкіл елдің намысын қорғап, Мексикада әлем жолдамасы үшін күресу мүмкіндігі. Екі команда да өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына шығуды мақсат етіп отыр.

Сарапшылар бұл кездесулерді Азия футболындағы ең драмалық жекпе-жектердің бірі ретінде бағалап отыр. Екі команда да мықты құраммен алаңға шығып, жанды, қызықты ойын көрсетеді деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » ӘЧ-2026: Азиядағы соңғы жолдаманың тағдыры қарашада шешіледі