date

Барселона Фликтың Реалға қарсы ойында қатысуын талап етті

Барселона Фликтың Реалға қарсы ойында қатысуын талап етті
Барселона клубының бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің Испания чемпионаты аясындағы Реалға қарсы ойында қатысуын қамтамасыз ету үшін дисквалификацияны алып тастауға әрекет жасап жатыр. Каталониялықтар бейсенбі күні Апелляция комитетіне шағым арызын тапсырды.

Euro-football.ru мәліметіне сәйкес, клуб бұл мәселеде соңғы шешімді күтуде. Флик өткен демалыс күндері Жиронаға қарсы ойында қызыл қағаз алды.

Төреші оны екінші ескертуден кейін алаңнан қуып шықты. Бұған бапкердің төреші шешіміне наразылық білдіргені себеп болды.

Барселона апелляциясында төреші хаттамасына енгізілген жазбалар бейнежазбаға сәйкес келмейтінін атап өткен. Бұған дейін тәртіптік комитет каталониялықтардың дәлелдерін ескермеді және Фликке дисквалификация жазасын қолданды.

Бұл апелляция да қабылданбаса, клуб Испания спорттық әкімшілік сотына шағым жасау мүмкіндігіне ие. Реал мен Барселона арасындағы кездесу жексенбі күні, 26 қазанда өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Барселона Фликтың Реалға қарсы ойында қатысуын талап етті