Педри мен Ямальдың жеңісті ойыны Фликтің ризашылығын тудырды

«Барселона» бас бапкері Ханси Флик Испания чемпионаты аясында «Атлетик» үстінен қазанған жеңістен кейін өз ойымен бөлісті. Германиялық маман команданың жартылай қорғаушысы Педридің іс-қимылына ерекше тоқталды.
Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Фликтің айтуынша, дәл 23 жастағы футболшының алаңға шығуы ойын тізгінінің каталониялықтар қолына өтуін қамтамасыз еткен. Бапкер Педри тек өзі жақсы ойнап қана қоймай, айналасындағы командаластарының да тиімділігін арттыратынын атап өтті.

«Педри барлығын жақсырақ ойнауға мәжбүр етеді. Ол ойынды өзгертіп жіберді және шептер арасындағы байланысты өте жақсы қалпына келтірді.
Оның алаңда болуы Дани Ольмо сияқты шығармашыл футболшылардың да жұмысын жеңілдетті», — деді Флик.
Кездесудегі жалғыз голдың авторы Ламин Ямаль туралы айта келе, бапкер жас жұлдыз өзінің ең үздік ойынын көрсетпесе де, қажетті сәтте жағдайды шешкенін мойындады. Фликтің пікірінше, команда ретінде күресу және қиын сәттерде жеңісті жұлып алу чемпиондық мінезді білдіреді.
Қазіргі уақытта «Барселона» Ла Лига турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Команда келесі маңызды кездесуін Чемпиондар лигасы аясында «Ньюкаслға» қарсы өткізеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!