date

Фермин Лопес - Лига аптасының үздік ойыншысы атанды

Фермин Лопес - Лига аптасының үздік ойыншысы атанды

Еуропа Чемпиондар Лигасында 21-22 октябрь күндері өткен топтық кезеңнің үшінші тур ойындарының қорытындысы бойынша аптаның үздік футболшысы анықталды.

УЕФА мәліметінше, бұл жүлдені "Барселонаның" жас жартылай қорғаушысы Фермин Лопес жеңіп алды. 22 жастағы испаниялық футболшы "Олимпиакос" қақпасына хет-трик жасауымен ерекшеленді.

Лопеспен қатар жүлдеге "Атлетик" шабуылшысы Горка Гурусета, ПСВ өкілі Деннис Ман және "Боруссия Дортмунд" футболшысы Феликс Нмеча да үміткер болған еді.

Жас таланттың бұл жетістігі "Барселона" жанкүйерлері арасында үлкен қуаныш тудырды және ол команданың жаңа үмітті жұлдыздарының бірі ретінде танылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Фермин Лопес - Лига аптасының үздік ойыншысы атанды