date

«Арсенал» 15 жасар Макс Думанмен екі жылдық келісімшартқа отырды

“Арсенал” 15 жасар Макс Доуманмен екі жылдық келісімшартқа отырды
“Арсенал” клубы 15 жасар жартылай қорғаушысы Макс Доуманмен жастар келісімшартын жасау жөнінде келісімге келді. Доуман биылғы маусымда Премьер-Лига аясында екі ойында алаңға шықты.

Бұл туралы Euro-football.ru хабарлады. Макс Доуман басқа клубтардан да тиімді ұсыныстар алған болатын.

Соған қарамастан, ол өз мансабын дәл “Арсеналда” жалғастыруға түпкілікті шешім қабылдады. Жаңа келісімшарт футболшыны екі жыл бойы “Арсеналмен” байланыстырады.

Доуман 16 жасқа толған сәтте Лондон клубы оған алғашқы кәсіпқой келісімшарттың шарттарын талқылауды ұсынуы мүмкін. Мұндай келісімді футболшы 17 жасқа толғанда қол қоюға құқылы болады.

Макс Доуман 16 жасқа 31 желтоқсанда толады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » «Арсенал» 15 жасар Макс Думанмен екі жылдық келісімшартқа отырды