date

Яго Аспас "Сельта" құрамында 534-ойынмен клуб рекордын жаңартты

Яго Аспас «Сельта» сапында 534-ойынмен клуб рекордын жаңартты
Сельта клубының шабуылшысы Яго Аспас бейсенбі күні Еуропа лигасының үшінші турында Ниске қарсы ойында алаңға шықты. Бұл кездесу Виго клубы сапындағы оның 534-ойыны болды.

Euro-football.ru мәліметіне сәйкес, Аспас осы нәтижемен Сельта тарихында ең көп ойын өткізген футболшы атанды. Ол бұрынғы рекорд иесі Манолоның көрсеткішінен асып түсті.

Маноло өз уақытында Сельта сапында 533 ойын өткізген еді. Жақында Аспас Манолоның нәтижесіне жеткенде, команда капитанына естелік футболка мен торт табысталған.

Қазіргі кезде Сельта Испания чемпионаты турнир кестесінде 17-орында тұр. Команда тоғыз турда жеті ұпай жинады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Яго Аспас "Сельта" құрамында 534-ойынмен клуб рекордын жаңартты