date

"Астон Вилла" сенсация жасады, "Манчестер Сити" тағы жеңілді...

"Астон Вилла" сенсация жасады, "Манчестер Сити" тағы жеңілді...

Англия Премьер-лигасының 9-турының төрт кездесуі футбол жанкүйерлері үшін оқиғаларға толы болды.

Бирмингемдегі "Вилла Парк" стадионында жергілікті "Астон Вилла" клубы "Манчестер Ситиді" қабылдады. Бұл матчта көпшілік "қалалықтарды" фаворит ретінде көргенімен, оның нәтижесі күтпеген түрде аяқталды. Унаи Эмери шәкірттері қарсыласты мықты қорғаныс пен жылдам қарсы шабуылдармен сынады. 19-минутта Мэтти Кэштің дәл соққысы есеп ашты және бұл гол ойын тағдырын шешті. 1:0 - "Астон Вилланың" жанкешті жеңісі.

Астон Вилла - Манчестер Сити 1:0

Гол: Кеш 19

Астон Вилла - Мартинес, Кэш, Конса, Торрес, Дин, Камара, Онана, Макгин (Баркли, 74), Роджерс, Буэндиа (Санчо, 29), Уоткинс.

Манчестер Сити - Доннарумма, Нунес, Диаш, Стоунз (О'Райли, 61), Гвардиол, Рейндерс (Шерки, 76), Бобб (Доку, 61), Фоден, Силва (Нико, 61), Савиньо, Холанд.

Бұл нәтижемен "Вилла" ұпайын 13-ке жеткізіп, кестенің орта тұсындағы орнын нығайтты. "Манчестер Сити" болса 16 ұпаймен көшбасшылар қатарында қалғанымен, соңғы турлардағы дәл емес ойындары салдарынан қысымға ұшырап отыр.

Күннің тағы бір маңызды кездесуінде "Арсенал" өз алаңында "Кристал Пэлас" командасын минималды есеппен жеңді. 39-минутта Эберечи Эзе соққан жалғыз гол "артиллерияға" маңызды 3 ұпай әкелді. Бұл жеңіспен Микель Артета шәкірттері ұпай санын 22-ге жеткізіп, кестенің жоғарғы жағында қалып отыр.

Арсенал - Кристал Пэлас 1:0

Гол: Эзе 39

Арсенал - Райя, Калафиори, Габриэль, Салиба (Москера, 46), Тимбер, Субименди, Эзе, Райс (Мерино, 82), Троссар, Гокереш, Сака (Мартинелли, 66).

Кристал Пэлас - Хендерсон, Ричардс, Лакруа, Гехи, Мунос, Уортон, Камада, Митчелл, Сарр, Пино, Матета.

Борнмуттағы кездесуде жергілікті команда "Ноттингем Форестті" 2:0 есебімен жеңді. Таверньер мен Крупидің соққан голдары алаң иелеріне сенімді жеңіс сыйлады. Бұл нәтиже "Борнмутқа" кестедегі қауіпті аймақтан шығуға мүмкіндік берді.

Борнмут - Ноттингем Форест 2:0

Голдар: Таверньер 25, Круопи 40

"Вулверхэмптон" мен "Бернли" арасындағы кездесу ең драмалық кездесу болды. Бірінші таймда қонақтар Флемминг арқылы екі рет гол соғып, есебіне басым болды. Бірақ "Вулвс" жауап соққыларымен ойынды теңестірді. Соған қарамастан, 90+5-минутта Фостердің соңғы минуттағы соққысы "Бернлиге" жеңіс әкелді - 3:2.

Вулверхэмптон - Бернли 2:3

Голдар: Ларсен 42, Мунези 45+4 - Флемминг 14, 30, Фостер 90+5.

Бұл турдан кейін Премьер-лига кестесі одан да қызықты болды. "Арсенал" көшбасшылықты сақтап отыр, ал "Манчестер Сити" қатарынан екінші жеңілістен кейін қысымды сезінуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Астон Вилла" сенсация жасады, "Манчестер Сити" тағы жеңілді...