date

"Манчестер Сити" Гвардиоланың орнына бапкер іздеп жатыр

"Манчестер Сити" Гвардиоланың орнына бапкер іздеп жатыр

"Манчестер Сити" басшылығы Хосеп Гвардиоланың орнына жаңа бапкердің кандидатураларын қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта испаниялық маманның келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, содан кейін Англиядағы қызметін аяқтауды жоспарлап отырғаны айтылады.

TEAMtalk басылымының хабарлауынша, "Сити" клубы Гвардиоланың орнына жаттықтырушы ретінде бұрынғы капитан Венсан Компани кандидатурасын қарастырып жатыр. Жақында бельгиялық маман "Бавариямен" 2029 жылға дейін жаңа келісімшарт жасасқанымен, "Манчестер Сити" басшылығы Гвардиоламен қоштасса, Компаниді қайтару мүмкіндігін сынап көрмек.

Ақпарат үшін, Гвардиола 2016 жылдан бері "Манчестер Сити" бас бапкері болып жұмыс істейді. Ал Венсан Компани өткен маусым басталғанға дейін "Баварияны" басқара бастаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Манчестер Сити" Гвардиоланың орнына бапкер іздеп жатыр