
Миландағы "Интер" клубы "Комо" командасының жартылай қорғаушысы Николас Пасты өз құрамына қосуды көздеуде. "Нерадзурри" футболшының "Комодағы" жетістіктерін біраздан бері бақылап келеді.
Алдыңғы трансфер терезесінде аргентиналық футболшы өзге командаға ауыспау туралы шешім қабылдаған еді. Transfer News Live басылымы Flashscore дерегіне сүйене отырып, "Интер" Николас Пас үшін 58 миллион еуро ұсынуға дайын екенін хабарлады.
Милан клубы "Реал Мадридтің" бұл футболшыны 2026 жылы қайта сатып алу құқығынан пайдалануға жол бермемек. Белгілісі, "Реал" клубы өз тәрбиеленушісін бірінші кезекте сатып алу мүмкіндігіне ие.
Transfermarkt сарапшылары Николас Пастың бағасын шамамен 55 миллион еуро деңгейінде бағалауда. Сондай-ақ, 21 жастағы футболшыға Англияның ірі клубтары да қызығушылық білдіріп отыр.
Интер Реалдың тәрбиеленушісін иеленгісі келеді
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз