date

«Комо» басымдығын сақтай алмады: «Интер» камбэкпен жеңіске жетті

«Комо» басымдығын сақтай алмады: «Интер» камбэкпен жеңіске жетті

Италия А Сериясының 32-туры аясындағы орталық әрі драмалық кездесулердің бірі жанкүйерлерге нағыз футбол шоуын сыйлады. «Комо» өз алаңында чемпиондық үшін күресіп жатқан «Интерді» қабылдап, ойын барысында екі доп айырмасымен алда келе жатқанына қарамастан, соңында жеңілісті мойындауға мәжбүр болды.

Кездесу өте қарқынды және жоғары қарқынмен басталды. Алаң иелері есепті алғаш болып ашты. 36-минутта Валле дәл соққымен «Комоны» алға шығарды. Осы голдан кейін команда белсенділігін төмендетпей, бірінші таймның соңына қарай тағы да қарсылас қақпасын дәл көздеді. 45-минутта Пас есепті 2:0-ге жеткізіп, жанкүйерлерге үлкен үміт сыйлады.

Алайда «Интер» бұған жауапсыз қалмады. Бірінші таймға қосылған уақытта Тюрам есеп айырмасын қысқартып, ойынға интриганы қайта оралтты. Бұл гол, артық айтпаса да, кездесудің шешуші сәтіне айналды.

Екінші тайм басталысымен миландықтар толық бастаманы өз қолына алды. 49-минутта тағы да Тюрам таблода өз есімін жазып, есепті теңестірді. Осыдан кейін «Интер» қысымды одан әрі күшейтіп, қарсыласын қорғаныста қателікке мәжбүр етті.

59-минутта Думфрис командасын алға шығарса, 72-минутта дубль жасап, «Интердің» басымдығын нығайтты. Осылайша қонақтар есепті 4:2-ге жеткізді.

Кездесудің соңғы минуттарында «Комо» берілмеді. 88-минутта да Куня пенальтиді голға айналдырып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда камбэк жасауға уақыт жетпеді және ойын 4:3 есебімен «Интердің» пайдасына аяқталды.

А Серия. 32-тур

Комо — Интер 3:4

12 сәуір, «Джузеппе Синигалия»

Голдар: Валле (36), Пас (45), да Куня (88, пенальти) — Тюрам (45+2, 49), Думфрис (59, 72).

Комо — Бутес, ван дер Бремпт (Смолчич, 67), Карлос (Рамон, 46), Кемпф, Валле (Морено, 80), Роберто (да Куня, 46), Перроне, Диао (Мората, 80), Пас, Батурина, Дувикас.

Интер — Зоммер, Аканжи, Ачерби, Бастони (Аугусто, 46), Думфрис, Барелла (Мхитарян, 78), Чалханоғлу, Зелиньски (Сучич, 56), Димарко (Энрике, 56), Эспозито (Бонни, 56), Тюрам.

Ескертулер: Валле (25), Зелиньски (53), Диао (59), Чалханоғлу (69), Ачерби (79), Аугусто (83), Бонни (87), Рамон (90+2), Аканжи (90+7).

Осы маңызды жеңістен кейін «Интер» ұпай санын 75-ке жеткізіп, турнир кестесіндегі көшбасшылығын одан әрі нығайтты. Олар ең жақын қуғыншысы «Наполиден» 9 ұпайға ұзап кетті. Ал «Комо» сәтті басталған ойынды соңына дейін жеткізе алмай, 58 ұпаймен 5-орынға түсіп қалды.

Жалпы алғанда, бұл матч футбол жанкүйерлері үшін нағыз триллерге айналды. «Интер» өз мінезін және чемпиондық рухын көрсетті, ал «Комо» үшін бұл кездесу маңызды сабақ болуы мүмкін. Чемпиондық жарыс барған сайын қыза түсуде — және интрига әлі аяқталған жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Комо» басымдығын сақтай алмады: «Интер» камбэкпен жеңіске жетті