date

Ювентус француз жартылай қорғаушысын нысанаға алды

Ювентус француз жартылай қорғаушысын нысанаға алды
Удинезе клубының орталық жартылай қорғаушысы Артур Атта Турин клубының қызығушылық аясынан шықты. Бұл туралы журналист Николо Скира өз әлеуметтік желілерінде хабарлады.

Дереккөзге қарағанда, "Ювентус" басшылығы 22 жастағы француз футболшысын жіті бақылауда ұстап отыр. Қысқы трансфер терезесінде Турин клубы "Удинезеге" ресми ұсыныс жолдауы мүмкін.

Атта биылғы жазда Италия чемпионатына келіп қосылған еді. Ол "Удинезеге" Францияның "Мец" клубынан ауысып келген.

Ағымдағы маусымда жартылай қорғаушы тоғыз ойынға қатысып, екі рет гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Transfermarkt оның құнын 12 миллион еуроға бағалауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ювентус француз жартылай қорғаушысын нысанаға алды