date

Артета 15 жастағы Макс Доуманның болашағы туралы айтты

Артета 15 жастағы Макс Думанның болашағы туралы айтты
Лондонның "Арсенал" командасының бас жаттықтырушысы Микел Артета клубтың 15 жасар футболшысы Макс Думанмен жұмыс істеу туралы пікірін білдірді. Жас футболшы қазірдің өзінде "зеңбірекшілер" сапында Англия Премьер-лигасында дебют жасаған.

Клуб бұл талант иесімен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр. "Макс Думанды жаттығуда бақыласаңыз, оның ойнауы керек екенін түсінесіз.

Егер мұны байқамасаңыз, онда сіз немесе мен соқырмын. Мен оның өзін бұл жерде бақытты сезінетініне сенімдімін.

Макс пен оның отбасы "Арсеналдың" жанкүйерлері. Үміттенемін, ол бізбен ұзақ жылдар қалады", – деп Микел Артетаның сөзін келтіреді журналист Фабричио Романо.

Бүгін "Арсенал" Лига кубогы аясында өз алаңында "Брайтонды" қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Артета 15 жастағы Макс Доуманның болашағы туралы айтты