date

Роналду жеңілістен кейін командасына қатаң үндеу жолдады

Роналду жеңілістен кейін командасына қатаң үндеу жолдады

Сауд Арабиясы Король Кубогының 1/8 финалында "Ан Наср" командасы "Аль Иттихад" клубына 1:2 есебімен жеңілді. Жарыстан шығып қалғанына қарамастан, команда капитаны Криштиану Роналду кездесуден кейін де командаластары мен жанкүйерлерге мотивациялық үндеу жасады.

40 жастағы португалдық жұлдыз әлеуметтік желіде былай деп жазды: "Біз басымызды жоғары көтеріп тұрмыз. Бұл жеңілістен сабақ аламыз және тағы да бірге алға жылжимыз."

Роналдудың бұл сөзі командада үлкен рух тудырды. Сауд Кубогында жеңілген "Ан Наср" қазір Сауд Про-лигасында 18 ұпаймен көш бастап тұр. Команда чемпиондыққа негізгі үміткерлердің бірі болып қала береді.

Ал жекпе-жектің өзі өте драмалық сипат алды. Бірінші таймда "Ан-Наср" бірнеше нақты мүмкіндіктерді жіберіп алды, ал екінші таймда қарсылас команда екі рет қақпаны дәл көздеді. Ал Роналду кездесу соңында қақпашымен бетпе-бет кездескендегі соққысын голға айналдыра алмады.

Жергілікті БАҚ-тардың айтуынша, "Әл Иттихадтың" жеңісіне қарамастан, Роналдудың алаңдағы белсенділігі, командаластарына деген жанқиярлығы мен ойыннан кейінгі моральдық күші жанкүйерлер тарапынан жоғары бағаланды.

Сонымен қатар, "Ан Наср" бас бапкері де бұл жеңілістің команда үшін пайдалы сабақ болғанын айтып, чемпионаттың келесі турларында қателіктер қайталанбайтынына сенім білдірді.

Криштиану Роналду Сауд Арабиясына келгеннен бері тек сұрмергендік жағынан ғана емес, команда көшбасшысы ретінде де өз ықпалын көрсетіп келеді. Оның әрбір ойыны, тіпті жеңілістен кейінгі үндеулері де жанкүйерлер мен жас футболшылар үшін шабыт көзіне айналуда.

Көптеген футбол сарапшыларының пікірінше, "Ан-Наср" Сауд Арабиясы кубогындағы жеңілістен кейін алаңға одан да күшті формада оралады деп күтілуде. Өйткені Роналду бар жерде мотивация да, жеңіске деген жігер де жоғалмайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Роналду жеңілістен кейін командасына қатаң үндеу жолдады