date

Ресейлік бұрынғы футболшы Ямалдың ойынын сынға алды

Ресейлік бұрынғы футболшы Ямалдың ойынын сынға алды
Ресей ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Павел Мамаев жақында өткен «Эль-Класико» кездесуінде «Барселонаның» 18 жастағы вингері Ламин Ямалдың ойынын бағалады. «Көк-гранаттылар» сырт алаңда «Реал Мадридтен» 1:2 есебімен жеңілді.

Мамаев өз пікірін SMOL FM шоусында, BetBoom Sports YouTube арнасында білдірді: «Ламин бұл ойында мүлде табысқа жете алмады. Оның ойыны көбіне "Мен алаңға шықтым, көріндім" деген секілді болды.» Тартысты кездесудегі жеңістен кейін «Корольдік клуб» 27 ұпайға ие болып, Испания чемпионаты турнир кестесінде көш бастап тұр.

«Барселона» болса Хаби Алонсо шәкірттерінен бес ұпай артта келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ресейлік бұрынғы футболшы Ямалдың ойынын сынға алды