date

Винисиус Жуниор "Реалдан" кетуді ойлап жүр ме? Себеп анықталды

Винисиус Жуниор "Реалдан" кетуді ойлап жүр ме? Себеп анықталды

"Эль-Класикода" "Барселонаға" қарсы өткен драмалық кездесу нәтижесімен ғана емес, Винисиус Жуниордың алаңнан кетердегі шалт қимылдарымен де есте қалды.

72-минутта бразилиялық вингер Хаби Алонсоның орнын басқаннан кейін өзіне тән ашумен: "Мен кетемін, одан да кетемін!" - деп жауап бергені камералардан анық естілді. Бұл оқиға "Реал" басшылығын ыңғайсыз жағдайға қалдырып, оның болашағы туралы жаңа қауесеттерді өршітті, деп жазады "TeamTalk" және "The Athletic."

Дереккөздердің хабарлауынша, Винисиус команданың бас бапкері Хаби Алонсомен қарым-қатынасына көңілі толмаған. Ол биылғы маусымда жеткілікті ойын тәжірибесін алмағанына және өзіне деген сенімінің жоқтығына наразы. "Реал Мадрид" оған жылына 20 миллион еуро жалақы ұсынғанымен, футболшы 30 миллион сұрағаны айтылады.

Бұл ретте "Ливерпуль" Винисиустың жағдайын мұқият бақылап отыр. Ағылшын клубы оны Мохамед Салахтың орнын басатын негізгі шабуылшы ретінде қарастырып отыр. Келісім жүзеге асса, бразилиялық футболшы Арне Слоттың қол астындағы жаңа шабуыл жүйесіне үлкен қарқын мен техника әкеледі деп күтілуде.

Ал "Корольдік клуб" үшін бұл жағдай үлкен сынақ болып отыр. Килиан Мбаппенің келуімен командадағы бәсекелестік күшейе түсті. Қазір Винисиус негізгі құрамдағы орнын сақтап қалу үшін де, жаңа келісімшартта қалаған жалақысын алу үшін де күресуде.

Егер "Реал" футболшының талаптарын қанағаттандырмаса, ол 2026 жылдың жазында Мадридтен кетуі мүмкін. Бұл клуб үшін алаңдағы ғана емес, маркетингтік тұрғыдан да шығын болады.

Футбол сарапшылары атап өткендей, Винисиустың болашағы енді оның өз шешімдеріне байланысты - ол "Реал" тарихындағы келесі аңыз бола ма, әлде Англияда жаңа бет аша ма, оны уақыт көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Винисиус Жуниор "Реалдан" кетуді ойлап жүр ме? Себеп анықталды