date

Винисиус «Реал Мадрид»-те қалу үшін жалақысын азайтуға келісті

Винисиус «Реал Мадрид»-те қалу үшін жалақысын азайтуға келісті'ldi

Бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор жақын арада «Реал Мадрид» сапында қалуды шешті. Sky басылымының хабарлауынша, ұзаққа созылған келіссөздерден кейін тараптар жаңа ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша келісімге келген. Қазіргі уақытта келісімнің соңғы мән-жайлары нақтылануда. Бұл туралы Goal.com хабар береді.

Винисиустың қолданыстағы келісімшарты 2027 жылы аяқталады. Футболшы бір жыл бұрын жаңа келісімге қол қоятынын айтқанымен, үдеріс созылып кеткендіктен оның Сауд Арабиясы клубтарына ауысуы туралы қауесеттер тараған еді. Белгілі болғандай, клуб басшылығы шабуылшының жоғары жалақы талабын қанағаттандыруды қаламаған және келіссөздер біршама уақытқа тоқтап қалған.


Жағдайдың шиеленісуіне бұрынғы бапкер Хаби Алонсомен болған келіспеушілік себеп болды. Өткен жылғы «Барселонаға» қарсы ойында қосалқы құрамға алынған Винисиус өз наразылығын ашық білдірген еді. Алайда, қаңтарда Алонсоның орнына Альваро Арбелоа келгеннен кейін, футболшы өзін командада көбірек бағалап сезіне бастады және жаңа келісімшартқа келісім берді.

Жаңа келісімге сәйкес, Килиан Мбаппе «Реал Мадридтің» ең жоғары жалақы алатын футболшысы болып қала береді. Винисиус командада ең көп жалақы алатын ойыншы болу ниетінен бас тартып, Мбаппеден аз жалақы алуға келіскен. Әзірге келесі маусымда команданы кім басқаратыны белгісіз, себебі Арбелоаның қызметінен кетуі күтілуде. Үміткерлер қатарында Дидье Дешам мен Себастьян Хеннесс бар.

Винисиус 2018 жылы «Фламенгодан» Мадридке көшіп өткен еді. Өткен уақыт ішінде ол 370 ойында алаңға шығып, 124 гол соқты. Бразилиялық жұлдыз «Реал Мадридпен» екі рет Чемпиондар лигасы мен үш рет Испания чемпионатында жеңімпаз атанды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Винисиус «Реал Мадрид»-те қалу үшін жалақысын азайтуға келісті