date

Винисиус Хаби Алонсоға мән бермеді


Мадридтің "Реал" футбол клубының шабуылшысы Винисиус Жуниор "Эль-Класико" кездесуінде ауыстырылғаннан кейін көрсеткен қызу реакциясы үшін кешірім сұрады. Алайда, жанкүйерлер бразилиялық футболшының мәлімдемесінде бас бапкер Хаби Алонсоны тілге алмағанына назар аударды.

"The Athletic" басылымының хабарлауынша, Винисиус бұл әрекетті әдейі жасаған. 25 жастағы футболшы бапкермен қарым-қатынасында көңілі толмайды және Алонсоның оған деген қарым-қатынасына ренжіген.

Бұған дейін, Винисиустың кешірім сұрау үшін команда ойыншыларын жинағаны, бірақ бұл жиында Хаби Алонсо мен басқа да бапкерлер болмағаны туралы ақпарат тараған еді. "Реалдың" келесі Ла Лига ойыны 1-қараша, сенбі күні өз алаңында "Валенсияға" қарсы өтеді.

Сондай-ақ, белгілі болғанындай, егер Алонсо бас бапкер қызметінде қалса, Винисиус клубтан кетуге дайын. Футболшы өзін қорланғандай сезінуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Винисиус Хаби Алонсоға мән бермеді