
Лондонның "Арсенал" және Туриннің "Ювентус" клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы Аарон Рэмзи жоғалған иті үшін тапқан адамға 20 мың доллар сыйақы уәде етті. Бұл туралы футболшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Рэмзидің сүйікті иті жоғалғаны туралы шамамен екі апта бұрын хабарланған еді. Осы жоғалстыру футболшыға қатты әсер еткендіктен, ол ойнайтын Мексиканың "Пумас" клубы оған төрт ойын өткізіп алмауға рұқсат берді.
Естеріңізге сала кетейік, 34 жастағы орталық жартылай қорғаушы Аарон Рэмзи 2025 жылғы жазда "Пумас" клубына ауысқан болатын. Бұған дейін ол "Арсенал" тәрбиеленушісі ретінде мансабын бастап, "Ювентус", "Рейнджерс", "Кардифф Сити" және "Ницца" секілді командаларда ойнаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар