
«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга Англия Премьер-лигасының үздік клубтарының біріне өтуді жоспарламайды. «Челси» француз футболшысы үшін 75 миллион еуро ұсынуға дайын, алайда Камавинга бар назарын «Реал» сапында ойнауды жалғастыруға аударған.
Бұл туралы Transfer News Live Defensa Central-ға сілтеме жасап хабарлады. Белгілі болғандай, «қаймақ түстілердің» бас бапкері Хаби Алонсо Камавинганы командада сақтап қалғысы келеді.
Әсіресе, футболшының «Барселонаға» қарсы ойында Педримен күрестегі тамаша ойыны бапкерге үлкен әсер қалдырған. Қазіргі уақытқа дейін Камавинга «Реал» құрамында 188 ойынға қатысып, 5 гол соғып, командаластарына 10 нәтижелі пас берген.
Футболшының жасы 22-де.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар