
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Джошуа Зиркзее өз мансабын басқа Англия Премьер-Лигасы клубында жалғастыруы мүмкін. 24 жастағы футболшы ойын практикасынан тапшылық көріп жүр және осы себепті қаңтар айында «қызыл әзәзілдерді» тастап кетуі мүмкін деген сыбыстар тараған.
CaughtOffside басылымының мәліметі бойынша, қысқы трансфер терезесінде «Астон Вилла» мен «Брайтон» клубтары «Уэст Хэммен» бірге нидерландиялық футболшы үшін бақ сынауға дайын. Алайда трансферді жүзеге асыру оңай болмайды, себебі «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Рубен Аморим Зиркзеені маусым барысында жібермейтінін мәлімдеген.
Transfermarkt порталы шабуылшының бағасын 28 миллион еуро деп бағалап отыр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз