date

Боруссия Никлас Зюлемен қоштасуы мүмкін

Боруссия Никлас Зюле мен қоштасуы мүмкін
Дортмундтың "Боруссия" клубының орталық қорғаушысы Никлас Зюле қазіргі келісімшарты аяқталған соң командадан кетуі мүмкін. Бұл туралы журналист Экрем Конур хабарлады.

Дереккөздерге сүйенсек, "аралар" 30 жастағы футболшымен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырған жоқ. Қоштасудың негізгі себептерінің бірі – ойыншының жасы мен тұрақты ойын көрсете алмауы.

Қазіргі таңда Зюлеге Бундеслиганың бірнеше клубы және Италияның А Сериясы командалары қызығушылық білдіруде. Никлас Зюле 2022 жылдан бері "Боруссияның" намысын қорғап келеді.

Осы маусымда ол үш ойында алаңға шыққан, бірақ тиімді ойынымен ерекшелене алмады. Футболшының клубпен келісімшарты келесі жазда аяқталады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Боруссия Никлас Зюлемен қоштасуы мүмкін