date

Барселонаның бұрынғы президенті: Тек екі ұпай қалып отыр


«Барселона» клубының бұрынғы президенті Жоан Гаспар Испания чемпионатының алғашқы он турынан кейін команданың Мадридтің «Реал» клубынан қалып қоюына қатысты пікір білдірді. "Барселона" "Реал Мадридтен" бес емес, тек екі ғана ұпай артта келеді.

Не үшін? Егер Испания чемпионатында жеңісті ойласақ, оны тек Барселонада өтетін Эль-Класикодан кейін ғана айта аламыз," – деді Гаспар AS басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, өткен апта соңында "Реал Мадрид" өз алаңы — "Сантьяго Бернабеуде" "Барселонаны" қабылдады. Хаби Алонсо басқаратын "қаймақ түстілер" бұл кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта "Реал Мадрид" 27 ұпаймен Испания чемпионатының турнир кестесінде бірінші орында тұр. Ал "Барселона" 22 ұпай жинап, Ла Лигада екінші орында келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Барселонаның бұрынғы президенті: Тек екі ұпай қалып отыр