
Маркус Тюрам 30-қазан күні Миланның «Интер» командасының негізгі құрамымен жаттығуларға қайта оралды. Бұл туралы Football Italia хабарлады.
Тюрам 30-қыркүйек күні Чемпиондар Лигасы аясында Праганың «Славия» командасына қарсы ойынынан кейін алаңға шыға алмады. Аталған ойында «нерадзурри» 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Финал ысқырығынан кейін француз шабуылшысы баспасөз аймағы маңында ақсаңдап көрінгенімен, бастапқыда бұл туралы алаңдамау керектігін айтқан болатын. Содан бері Тюрам тізе сіңірінің жарақатына байланысты 30 күн өткізбей қалды.
Ол осы уақыт ішінде А Сериясының 4 ойынын, Чемпиондар Лигасының 1 ойынын және ұлттық құрама ойындарын өткізіп алды. Бастапқыда футболшының 25-қазан күні «Наполи»ге қарсы ойынға оралуы мүмкін екені туралы хабарланған еді, бірақ бұл мерзім кейінге шегерілді.
Енді оның 2-қараша күні «Веронаға» қарсы ойында қатысатыны да белгісіз болып тұр.
Маркус Тюрам "Интер" құрамына жаттығуларға қайта оралды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар