date

Реал президенті Виниусиус пен Алонсоны татуластырды


«Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес клуб базасына барып, бас бапкер Чаби Алонсо және шабуылшы Винисиус Жуниормен кездесті. Белгілі болғандай, Винисиустың Эль-Класико ойынында ауыстырылуына наразы болғандықтан олардың арасында келіспеушілік туындаған еді.

Defensa Central-дың хабарлауынша, Перес Винисиус пен Алонсоны татуластыруға әрекет жасаған. «Біздің сыртта жауымыз жеткілікті, олар Реалға зиян келтіруді қалайды.

Тек ішкі бірлік арқылы ғана біз үлкен нәтижелерге жете аламыз», — деді Перес. Кездесуден кейін Винисиус клуб президентімен сөйлесіп, ресми мәлімдеме жариялап, кешірім сұрады.

«Реалдың» келесі кездесуі 1 қараша күні өз алаңында «Валенсияға» қарсы өтеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Реал президенті Виниусиус пен Алонсоны татуластырды